Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік - техникалық колледж тарихына шолу
1986 жылы Қаскелең қаласында қоғам қайраткері Санджар Оразұлы Жандосовтың ұсынысымен №11 орта кәсіптік техникалық училищесі құрылды. Училищенің басшылығына Медеуов Кыдыркельды Умиржанович тағайындалып, 1988 жылға дейін қызмет атқарды.
1988-1994 жылдар аралығында "№11 орта кәсіптік-техникалық училищесін" Жаманов Алсай Абигазиевич басқарған.
1994 жылдан бастап "№11 орта кәсіптік - техникалық училищесін" басқару Абдильдаева Несіпбала Абеновнаға жүктелді.
ҚР министрлігінің 27.03.1996 жылғы №152 қаулысына сәйкес "№ 11 кәсіптік- техникалық училищесі", "№11 кәсіптік-техникалық мектебіне" өзгертілді.
ҚР Үкіметінің 1996 жылы қараша айының 1 жұлдызында ҚР білім беру және мәдениет мекемелеріне қоғам қайраткерлерінің атын беру және өзгерту жөніндегі №1346 қаулысы негізінде "№11 кәсіптік техникалық мектебіне "Санджар Оразұлы Жандосовтың аты берілді. 16.05.2008 жылы Алматы облысының әкімінің №102 қаулысы негізінде "№11 С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық мектебі" атауы "№11 С.Жандосов атындағы кәсіптік лицейіне" өзгертілді.
16.05.2008 жылы Алматы облысының әкімінің №102 қаулысы негізінде "№11 С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық мектебі" атауы "№11 С.Жандосов атындағы кәсіптік лицейіне" өзгертілді.
2008-2013 жылдар аралығында "№11 С.Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық лицейін" Алтаев Болат Бекбосынович басқарды.
15.03.2013 жылы Алматы облысы әкімінің №138 қаулысына сәйкес Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы "С.Жандосов атындағы №11 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекемесі "С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2014 жылы С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжінің директоры болып профессор Қыдырбекұлы Алғатбек Балғабекович тағайындалды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес колледжде келесі мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды дайындау жүргізіледі:
- фермер шаруашылығы;
- тамақтандыруды ұйымдастыру;
- есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- тігін ондірісі және киімдерді үлгілеу;
- шаштараз өнері және декоративті косметика;
- дәнекерлеу іci;
- автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
Аталған мамандықтар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек нарығының қажеттілігіне, шағын және орта бизнес салалары бойынша сұранысқа ие.
Оқу орны құрылғаннан бастап қала мен аудан көлемінде қажетті техникалық және кәсіптік мамандар даярлап шығарды. Жұмысшы кадрларды сапалы дайындау мақсатында колледж ұжымы шағын бизнесті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажетті оқу материалдық базасын құрып, заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өндірістік оқыту үрдісін дамыту барысында арнайы пән кабинеттері мен шеберханаларына заман талабына сай жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.